Главная
Новости
02.12.2020 «Тіл ғұмыры,Ұлт ғұмыры» ашық тәрбие сабағы
Мерекелік іс-шарамызды қазіргі Қазақстан жерінде, қазақ еліндегі өте өзекті мәселе болып табылатын, тіл мәселесін талқылай отыра бастадық. Қазақ тілі туралы біз білмейтін деректермен таныстырып, қазақ жастарының атынан, жас географтар атынан қазақ тілін дамыту мен сақтап қалудағы өз ойымызды ашық жеткіздік. Ата бабаларымыздың осы тіліміз бен дінімізді сақтап қалу үшін қанша соғысқа түскені туралы бейне-баян дайындадық. Қонақтарымыз өте көтеріңкі көңіл-күймен, ашық сабағымызды Нұрлан ағайдың сөзімен аяқтадық. Бұл тақырып болашақ бізден кейінгі жас буын мен ұрпақтарымызға да, тек жастарға ғана емес аға буын, үлкен тарапқа да ой салады деген үміттеміз.
|