қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.12.2020

Ерболат Төлепбай: өнерім - өмірім

 

2020 жылдың 8 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Ұлы дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, дарынды суретші Ерболат Төлепбаймен кездесу өтті. «Өнерім - өмірім» тақырыбымен өткен кездесуге танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, студент жастар қатысты. Нақтылар болсақ, медицина ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА-ның академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Мырза Алшынбаев, Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, ақын - Ұлықбек Есдаулетов, ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Иран Ғайып, белгілі композитор,күйші Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Көңіл толқыны» күйінің авторы - Секен Тұрысбеков, белгілі сәулетші, Алматы қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісі болған - Ғабит Садырбаев, қоғам қайраткері, журналист Жанай Омаров, «Атамекен» холлдингінің Директорлар кеңесінің төрағасы- Ұзақбай Айтжанов, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, өнертану кандидаты, профессор - Құрман Мұратаев қатысты.

 

Университеттің басқарма төрағасы-ректор м.а. Такир Балықбаев өткен жылы көркемсурет-графика факультетінің 50 жылдық мерейтойын атап өткендігін айтты. Талантты түлектеріміз М.Нұрлыбаев, Т.Ордабеков, М.Аманжолов, Д.Шоқпаров, Б.Өмірбеков, Т.Бейсенбинов, А.Нақысбеков, М.Нүсіпов, К.Ақанов, Н.Қилыбаев сияқты өнері мен есімі елімізге және онан тыс жерлерге кеңінен белгілі. Міне, осы шоғырдың ішінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, дарынды суретші Ерболат Тоғысбайұлы Төлепбайдың жұлдызы ерекше жарық» деп айшықтады. Кездесуде Ерболат Төлепбай туралы деректі фильм көрсетіліп, суреткер әлемі туралы баяндама жасалды. Оның өнер жолындағы өмірі туралы тұщымды әңгімелер айтылды. Ал Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулет пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Иран Ғайып Е.Төлепбайға арналған өлеңдерін оқыды.

 

Кездесу шығармашылығы елімізде ғана емес шетелде де жоғары бағаланып жүрген суретшінің жұмбақ әлемімен танысуға мол мүмкіндік берді. Бүгінгі кездесуден жастар әлемге әйгілі суретшінің көптеген қырын танып, өмір жолынан үлгі алары сөзсіз.

 

Ұйымдастырушылар - «Ұлы дала тұлғалары», Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті