қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.12.2020

Абай университетінің ректоры Такир Балықбаев ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Құрмет грамотасымен марапатталды

 

Әлемде жыл сайын 9 желтоқсанда аталып өтетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеу аясында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін 2020 жылғы 15 желтоқсанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл университеттің оқытушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудағы қызметінің бағалануы.

 

Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі міндеттерінің бірі - ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін құру және енгізу болды.

 

Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылы 24 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ISO 370001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізгені үшін еуропалық «EVROCERT» компаниясының халықаралық сертификаты республикамыз бойынша бірінші болып табысталды.

 

Анықтама үшін:


2019 жылдың 7 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен «Парасат» орталығы ашылды.

 

Орталықтың мақсаты - білім беру саласындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, мәдениетті қалыптастыру және өскелең ұрпаққа парасаттылық қағидаттарын дарыту, сондай-ақ Академиялық адалдық кодексінің ережелерін іске асыру және халықаралық стандарт талаптарына сәйкес енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің қызметін қадағалау. Орталық өз жұмысында республикалық «Sanaly Urpaq», Білім және ғылым министрлігінің «Adal Bilim» жобалық кеңселерімен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, қала әкімдігімен, жастар ұйымдары және БАҚ өкілдерімен байланыс орнатады.

 

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында бекітілген жұмыс жоспары аясында «Парасат» орталығының үйлестіруімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды бақылауды қамтамасыз ету бойынша Университеттің жұмыс тобы; Академиялық адалдық пен этикалық нормалардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссиясы; Академиялық сапа бойынша Кеңес сияқты құрылымдар жасақталып құрылды.

 

Жүргізілген жұмыстар барысында СЖҚМЖ құжаттарының саны мен құрамы және олардың қолданыстағы жүйеге кірігуі анықталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» әзірленіп, бекітілді. ҚР заңнамасының нормаларын ескере отырып, ISO 37001 талаптары бойынша құжатталған рәсімдер әзірленді: Мүдделер қақтығысын шешу саясаты; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау; Сыйлықтар мен өкілдік шығыстар. Осы құжаттарға айқындалған процедуралар, талаптар негізінде, қосымша келесідей құжаттар бекітілді: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты; Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтау туралы Декларациясы; Сыйлықты алғаны туралы хабарламасы; Университет қызметкерінің еңбек шартына Қосымша келісімі; Университет қызметкерінің лауазымдық нұсқаулығы; Білім беру қызметтерін көрсету шартына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпесі; Сыртқы ұйымдармен және іскер әріптестермен өзара қарым-қатынастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпесі редакцияланып, жаңадан енгізілді. Әзірленген әдістемеге сәйкес университет деңгейінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер, білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу және бағалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.