Главная /
СМИ о нас
17.12.2020 Партия марапаты жауапкершілік жүктейді
Марапаттау туралы куәлік пен төсбелгіні «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров табыс етті.
Мен еліміздің жетекші саяси партиясы «Nur Otan» мен бізді, «нұротандықтарды» қолдайтындардың барлығына алғысымды білдіремін. Бұл марапат маған және менің партияластарыма одан да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Өздеріңіз білетіндей, дәл осы «Nur Otan» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамның, Президент пен халықтың екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді арнасына айналды. Қазақстанның қазіргі кездегі барлық табыстары еліміздің бас партиясы мен оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты» деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев.
17.12.2020 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz |