қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
17.12.2020

Ректор Құрмет грамотасымен марапатталды

 



Әлемде жыл сайын аталып өтетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеу аясында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Бұл - университеттің оқытушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудағы қызметінің бағалануы.


Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі негізгі міндеттерінің бірі - ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін құру және енгізу.

 

Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылы 24 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ISO 370001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізгені үшін еуропалық «EVROCERT» компаниясының халықаралық сертификаты республикамыз бойынша бірінші болып табысталды.

 

Еске сала кетсек, өткен жылдың 7 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен «Парасат» орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты - білім беру саласындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, мәдениетті қалыптастыру және өскелең ұрпаққа парасаттылық қағидаттарын дарыту, сондай-ақ Академиялық адалдық кодексінің ережелерін іске асыру және халықаралық стандарт талаптарына сәйкес енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің қызметін қадағалау.

 

Орталық өз жұмысында республикалық «Sanaly Urpaq», Білім және ғылым министрлігінің «Adal Bilim» жобалық кеңселерімен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, қала әкімдігімен, жастар ұйымдары және БАҚ өкілдерімен байланыс орнатады.

 

 

17.12.2020 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz