Главная
Новости
23.12.2020 Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында дәріс өткізілді
Аталған іс-шараға Өзбекстан Республикасы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері, әлем тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты. Сутеева Ханзада өзінің дәріс сабағында Қазақстанның ресейлік тарихнамасының практикалық бағытының көрнекті өкілдері туралы жан-жақты баяндады. Дәріс соңында Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институты және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы тақырып төңірегінде ой бөлісіп, пікірлерін білдірді.
Тарих және құқық институты |