Главная /
Объявления
26.07.2018
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына байқау жариялайды
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ - 11
1. Математика және математикалық моделдеу кафедрасы: ғылым кандидаты/ доктор PhD аға оқытушы-3. 2. Физика кафедрасы: қауымдастырылған профессор(доцент) - 1, ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 2. 3. Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы: ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 3. 4. Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы: қауымдастырылған профессор(доцент) -1, ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы -1.
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ - 7
1. Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) - 2, ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 1. 2. Академик С.С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті кафедрасы: ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 2. 3. Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасы: ғылым кандидаты/доктор PhD аға оқытушы - 2.
Байқауға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: - Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс. - Аға оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
Байқауға қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады: 1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері; 5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі; 6) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі; 7) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда); 8) №086 медициналық анықтама, флюорожазба; 9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама; 10) наркологиялық ұйымның анықтамасы; 11) психоневрологиялық ұйымның анықтамасы; 12) басқа мекемеден келген тұлғалар үшін соңғы жұмыс орнынан мінездеме; 13) үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 30 слайдтан артық емес).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2018 жылғы шілденің 25-нен тамыздың 20-на дейін (қоса алғанда)
Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 Персоналды басқару бөлімі, №103 бөлме; сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291-82-57, 291-18-29, 291-34-35.
|