қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.01.2021

«Мықты иммунитет - денсаулық кепілі» вебинары

 

2021 жылдың 19 қаңтарында университетіміздің Жаратылыстану және география институтының «География, қоршаған орта және қызмет көрсету» білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған түсіндіру жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2-ші курс студенттері география білім беру (география, география-тарих, экология) мамандығы студенттерімен онлайн-вебинар өткізді. «Мықты иммунитет - денсаулық кепілі» тақырыбындағы онлайн-вебинарды кафедра оқытушылары мен эдвайзерлерінің қатысуымен аға оқытушы Гаухар Абдикаримова ұйымдастырды. Вебинар барысында иммунитетке жалпы түсінік беріп, оның түрлері, зерттеген ғалымдар, иммундық жүйе төмендеуіне әсер ететін факторлар, ағзаның қорғаныш қабілетін, иммунитетті қалай күшейтуге болатынын, салауатты өмір салтын ұстану әркімнің өз тандауында екенін айтып өтті. Вебинар соңында қатысушылар доцент Сакен Иркитбаев, 2-курс «6В01515-География» мамандығының студенті Серғали Тышабаев өз ойларымен бөлісті.