Главная /
СМИ о нас
10.02.2021 Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған сурет көрмесі өтті
2021 жылы 9 ақпан күні Алматы қаласы, Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігіңің 30 жылдығына орай, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Н.Сац атындағы Балалар және жасөспірімдер академиялық орыс театрында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Отқа оранған жастық шақ» тақырыбындағы сурет көрмесі өтті.
Көрмеге Ауған соғысының ардегерлері, жас суретшілер қатысты. Іс-шарада Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Кенеев Ринат Бақдаулетұлы құттықтау сөзін сөйлеп, ардагерлерді және ұжымды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбектері үшін Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары Ырыстанұлы Базар (Шығармашылық жұмысы: Бейбітшілікті аңсау) «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің батыр Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен, Иманбакиев Ернат (Шығармашылық жұмысы: Достар әні) «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен және құрмет громаталарымен марапатталды.
Көрмеге көрермендер ыстық ықластарын білдірді. Көрмеге қойылған жас оқытушыларымыздың жұмысы жоғары дәрежеде бағаланып, «Ауғанстан ардагерлері» ұйымының қорына алынды.
Өнер, мәдениет және спорт институты |