қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
17.07.2013

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 25 қазан 2013 жылы "Қазақстанның шетелдік Шығыс елдерімен тарихи-мәдени байланыстары"атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 

Өткізу максаты: Қазақстанда шығыс тілдері дамуының өзекті мәселелері және жақын, алыс шетелдерде осы тілдерді оқытудың теорияся мен практикасын талқылау.

 

Конференцияда келесі секциялардың жұмыс істеуі  жоспарланып отыр:

1. Шетелдік шығыс  әлемдік әлеуметтікмәдени аяда.

2. Шығыс тілдері дамуының үрдісі мен болашағы.

3. Шығыс тілдерін зерттеудің заманауи әдістері мен тәсілдері.

4.Қазақстанның шетелдік Шығыс елдерімен тарихи-мәдени байланыстарының заманауи аспектілері

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ,  орыс, ағылшын.

 

Өтінімге  өздеріңіздің қатысымыңыз жөніндегі материалдардың (көлемі 5 беттік) терілген және электронды нұсқасын(Word форматы, файлды латын әрпімен терілген фамилияңызбен атаңыз) салып жіберуіңізді сұраймыз.

Конференция материалдары жарияланады.

 

 

           МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ТӘРТІБІ:

 

1.Times New Roman шрифтісі, не болмаса Times New Roman Kz, 14- кегль, жолдар арасындағы қашықтық - 1.

2.Мәтін ғылыми стилистикалық және техникалық жағынан тексерілген RTF  форматының дискісінде сақталған болу керек.

3.Мақаланың атын ортаға қарай орналастыру керек (бас әріп әріптері, шрифт жартылай қою, кегль 14).

4.Төмен ортаға қарай автордың аты жөні мен фамилиясы жазылады (кіші әріптермен,шрифт жартылай қою, кегль 10).

5.Аннотация (қазақ тіліндегі мәтінге - орыс және ағылшын тілінде, орыс тіліндегі мәтінге  - қазақ және ағылшын тілінде, шет тіліндегі мәтінге қазақ, орыс тілінде).

6.Тірек сөздер (5 сөзден көп емес, кіші әріппен, курсивпен, 10 кегль).

7.Беттердің параметрі : жоғарғы және төменгі жиегі  2 см,  сол жақ жиегі 3 см, оң жақ жиегі 1 см, сілтеме келесі үлгідей: [1:23],  мүнда 1 - дереккөз атауы, 23 - бет.

 

Ұйымдастырушы комитет материалды тандауды өз құқығында қалдырады.

 

 

Материалдардар 2013жылы 15 қыркүйек айына дейін мына мекен жайда қабылданады: 050100, Алматы қаласы., Казыбек би көшесі, 28 ғимарат, Абай атындағы КазҰПУ, шығыс тілдері кафедрасы, 35- каб. Байланыс жүйелері: Dr.Knyaz@mail.ru; tokhmetov@mail.ru  Tелефондар: 8(7272) 291-31-06(кафедра), 8 7017224081, 8 7775902585

Қатысушылардың өтінімі келесі үлгіде рәсімделеді:

 

Қатысушының өтінімі

 

 

"Қазақстанның шетелдік Шығыс елдерімен тарихи-мәдени байланыстары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция 

 

Аты-жөні (толық)

 

Жұмыс орны

 

Лауазым

 

Атақ, дереже

 

Секция

 

Баяндаманың тақырыбы

 

Қажетті техникалық құралдар (атауын көрсетініз)

 

Елі

 

Қала

 

Оқу орны, кафедраның аты

 

Пошталық мекенжай

 

e-mail

 

Контакті телефон, факс

 

Қонақ үйді қажет етесіз бе (ия/жоқ).

 

 

 

 

Ерекше назар аударуыңызды сұраймыз: жоғарыда ақпараттық хатта көрсетілген шарттар орындалмаса материалдар қалыс қалады.

Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушылар тарапынан төленеді.

Өту орны: Алматы қаласы., Достық даңғылы, 13, конференц-зал

Тіркеу  25 қазан 2013ж. сағ. 9.00 сағатта басталады.

 

        Ұйымдастырушы комитет