қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.02.2021

«Өмір-өнер» шығармашылық көрме ашылды

 

2021 жылы 10 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ «Өнер, мәдениет және спорт» институтының «Жасампаз» сурет галереясында «Өмір-өнер» шығармашылық көрме ашылды. Оған «Көркем білім» кафедрасының профессоры, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Әбділхан Тлеужанов; философия докторы (PhD), ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Купан Келденова; аға оқытушы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Гульнара Бекова жаңадан әр түрлі жанрда салынған жұмыстар қойылды.

 

Жұмыстың шығармашылық деңгейі, орындау техникасы және бояудағы түрлі-түсті шешімдер әр автордың ерекше өзіндік қолтаңбаларын көруге болады. Қазақстанның көркем өнерінде ерекше орын алатын бұл суретшілердің топтық көрмелері елдің мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналды. Студенттер үшін бұл көрменің тәрбиелік мәні үлкен.

 

Көрменің ашылу салтанатында стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректордың м.а. А.Т. Құлсариева, ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректорының м.а. С.Қ.Сахиев, институт директоры Т.М.Қожағұлов және ардагер-педагогтар сөз сөйледі.

 

Авторлар өз пікір-тілектерімен бөлісіп, көрмені көруге шақырды. Көрме 5 наурызға дейін жалғасын табады.