қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
17.02.2021

Ректор Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майермен кездесу өтті. Эрик Майер Сорбонна-Қазақстан институтының және басқа институттардың студенттеріне дәріс оқып, университеттерді интернационалдандырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Кездесу барысында Эрик Майер университеттің халықаралық қызметімен - АҚШ және басқа елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, сонымен қатар білім және ғылым саласындағы жетістіктерімен таныстырылды. Сондай-ақ, ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларына арналған Американдық Кеңестің Педагогикалық Университетін дамыту бағдарламасы аясында университет оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының екінші кезеңі де талқыланды.

 

Алдағы уақытта университет пен Бас консулдықтың байланысы нығайып, дамитын болады.

 

 

17.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz