қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
22.02.2021

«Менің пірім - Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы өтті

 


 

18 ақпан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұлы ақын, қазақ ауызша поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім - Сүйінбай» атты халықаралық жас ақындар айтысы өтті. Іріктеу кезеңіне Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан 20 жас айтыскер ақын қатысты. 19 ақпан күнгі ақтық кезеңде 12 жас ақын бақ сынады.

 

Дүбірлі доданы, университет ректоры Такир Балықбаев ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері Жүрсін Ерман жыл сайын өткізіліп келе жатқан жастар айтысының маңыздылығына тоқталып, бүгінде өнер додасы халықаралық дәрежеге көтеріліп жатқаны үлкен іс екендігін тілге тиек етті.

 

Іс-шара барысында университет ректоры айтыстың қара нары Жүрсін Ерманды 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгі және естелік сыйлық табыс етті.

 

Шара аясында Сүйінбай Аронұлы және Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайларының көрмелері ұйымдастырылды. Көрмелерде ұлы ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған естелік экспонаттар қойылды.

 

Айтысты Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент пен «О. Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығы ұйымдастырды.

 

 

22.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com