Главная
Новости
26.02.2021 Бірінші курс студенттеріне пандемия кезіндегі алдын алу шаралары туралы айтылды
2021 жылдың 22-25 ақпан күндері «My KazNPU» студенттік апталық аясында Тәрбие департаментінің өкілдері мен Денсаулық сақтау пунктінің дәрігер-мамандары офлайн режимінде оқуға келген 1 курс студенттеріне «Пандемиялық жағдайдағы сақтық шаралар» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Денсаулық сақтау пунктінің дәрігер-мамандары Нұрбекова Гүлмира, Жаббарханова Әлия, Жұмашев Уәлихан студенттермен коронавирустың алдын алу,одан сақтану шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттерді медициналық тіркеуге алу, түрлі жұқпалы аурулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кететін жайт, биылғы оқу жылы университетіміздің ректоры Такир Балықбаевтың тікелей басшылығымен барлық оқу ғимараттарында студенттерге медициналық бөлімшелер ашылды. Бөлімшелер тиісті медициналық құралдармен жабдықталып, қазіргі уақытта студенттерге қолайлы медициналық көмек көрсетілуде.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент
|