қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.03.2021

«My KazNPU» студенттік апталығы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2021 жылдың «My KazNPU» студенттік апталығы өз мәресіне жетті. Апталық аясында дәстүрлі форматта оқитын 1-ші курс студенттеріне @kazupu_zhastary инстаграм желісінде «My KazNPU» шығармашылық видео конкурсы өткізілді. Конкурсқа әр институттың белсенді бетке ұстар студенттері қатысып, жүлделі 1,2,3 орындармен және де номинациялармен марапатталды.

 

23-24 ақпан күндері институт студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында қойылған «Барымен базар» , «Сыған серенадасы», «Екеуміз» қойылымдарын тамашалады. Студенттер бұл қойылымдардың тәрбиелік мәні зор екендігі және өз өмірлеріне бағдар беретіндігі туралы пікірлерін білдірді.

 

Сонымен қатар студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1-ші курс студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту үшін футбол, волейбол және шахмат ойын түрлерінен Спартакиада ұйымдастырылды.

 

Апталық нәтижесінде «My KazNPU» шығармашылық видео конкурста:

 

I орын - Педагогика және психология институтының студенттері Еркінов Райымбек пен Изимгалиева Аружан;II орын - Өнер, мәдениет және спорт институтының студенті Шегеев Ерасыл; III орын - Жаратылыстану және география институты Әбілғазы Жұлдыз, Жанаев Әлібек жеңімпаз атанды.

 

«My KazNPU» студенттік апталық аясында ұйымдастырылған жатақханааралық спартакиаданың жалпы командалық есебі бойынша:

 

I орын иегері - Физика, математика және информатика институты, 5 жатақхана; II орын иегері - Филология және көптілді білім беру институты, 3 жатақхана; III орын иегері - Педагогика және психология институты, 8 жатақхана жеңімпаз атанды.

 

Жүлделі орындардан бөлек университет тарапынан көптеген ынталандыру сыйлықтары берілді.

 

Ұйымдастырушы: Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, Жастар ісі жөніндегі комитет