Главная
Новости
20.07.2016
Қазақстандық ғалым, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Ермек Бөрібаев Халықаралық нотариат одағының дербес мүшесі атанды Тұңғыш рет Халықаралық нотариат одағының тарихында қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, Алматы қаласы нотариалдық палатасының мүшесі Ермек Бөрібаев Халықаралық нотариат одағының дербес мүшесі атанды. Ермек Бөрібаев бұл ұйымдағы Қазақстан мен Орта Азияның алғашқы өкілі. Қазақстандық нотариат бұл беделді ұйымға латын үлгісіндегі нотариаттың кейбір ережелеріне сай келмегендіктен 19 жыл бойы мүше атана алмай келді. Осы жылы отандық нотариаттан Халықаралық нотариат одағына Е.Бөрібаев өкіл болып тандалды. Бұл өкілдік нотариат мамандығындағы серіктестік пен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне жол ашады. Халықаралық латын нотариат одағы дегеніміз – барлық бес құрлықтың 81 елінен құралған халықаралық нотариалдар палатасының қауымдастығы. Негізі 1948 жылы 2 қазанда Аргентананың астанасы Буэнос-Айрес қаласындағы бірінші Халықаралық нотариат конгресінде қаланған болатын. ЛНХК құрылуының мақсаттары келесілер: - нотариатқа халықаралық ұйымдарда өкілдік ету; - ұлттық, соның ішінде нотариаттық ұйымдармен ынтымақтасу; - нотариаттық қызмет саласында құқықты зерттеу және жетілдіру; - латын нотариатының қағидаттарын тарату. Ұйым 2005 жылы Халықаралық нотариат одағы деп өзгертілді. Посткеңестік елдерден аталған ұйымға Армения, Беларусия, Грузия, Латвия, Литва, Молдавия, Украина, Ресей елдері мүше.
Ақпараттың ресми дереккөзі http://www.zakon.kz/news/
|