қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.03.2021

«Zhas zertteushi»: халықаралық диалог және Еуразиялық кеңістіктегі ынтымақтастық» дөңгелек үстел

 

2021 жылы 27 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Zhas zertteushi»: халықаралық диалог және еуразиялық кеңістіктегі ынтымақтастық» онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараның ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ-ның «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы (А.А.Момбек, С.Т.Исалиева), «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы (А.Н.Кошербаева) және Беларуссия мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің психология және педагогика кафедрасы (И.А.Малахова).

 

Дөңгелек үстелінде «Zhas zertteushi» Оқушылар мен студенттердің екінші халықаралық ҒЗЖ байқаудың нәтижелері қорытындылды. Ғылыми іс-шарада Волога мемлекеттік университеті және Мәскеу облысы Балашиха қ. № 11 гимназия (Ресей), Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясы (Украина), Алеку Руссо атындағы Мемлекеттік университеті (Молдова Республикасы), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Туран-Астана» университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, «Bolashak» Академиясы, М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті (Қазақстан) және т.б. өкілдері қатысты.

 

Лотарингия университеті (Саргемин қ., Франция), «ТИСБИ» Басқару университеті (Қазан қ., Татарстан, Ресей), Иркутск мемлекеттік университеті (Иркутск қ., Ресей), М.Қозабаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті (Петропавл қ.), Түрікменстан және ҚХР шетелдік студенттер мен магистранттар, Нұр-Сұлтан және Алматы ққ., Қарағанды облысының мектеп, лицей, гимназия оқушылар және колледж студенттері баяндамалар жасады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен докторанттары байқаудың жеңімпаздары атанды: Носко Артём (Филолгия және көптілді білім беру институты) - 1-ші дәрежелі диплом, Ли ДУО (ҚХР, Шетелдік азаматтарға арналған факультет) - 1-ші дәрежелі диплом, Сундетова Дина (Педагогика және психология институты) - 3-ші дәрежелі диплом.