қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
03.03.2021

Университеттің ішкі нормативтік құқықтық актілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы


ҚР Білім және ғылым министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында осы мекемелердің ішкі актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді тапсырды.

 

Осыған байланысты, біздің университетте ішкі актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу Қағидасы бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды және белгіленген мерзімде бірқатар іс-шаралар өткізілді.

 

Басқарма Төрағасы - ректордың м.а. Такир Балықбаевтың 2021 жылғы 15 ақпандағы 04-04/48 бұйрығы негізінде жұмыс тобы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес (2021 жылғы 15 ақпандағы №04-04/47 бұйрық) ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Университеттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Университеттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 2021 жылдың 3 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Басқарма Төрағасы - ректордың м.а. Такир Балықбаевтың төрағалығымен ректораттың кеңейтілген отырысы өтті. Оған университет проректорлары, әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі уәкіл, институттар, құрылымдық департаменттер директорлары, университет орталықтары мен бөлім басшылары қатысты. Университеттің құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу туралы ақпаратты «Парасат» орталығының директоры Қамбар Үсіпов баяндады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша орындалу мерзімдерін, жауапты тұлғаларды айқындай отырып, талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар Жоспары әзірленетін болады.

 

   

 

«Парасат» орталығы