қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
03.10.2018

«Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының даму стратегиясы» Қазақстан-Француз форумы


5 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына орай «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институтының даму стратегиясы» Қазақстан-Француз форумы өткізіледі.

 

Іс-шараның басты мақсаты - Сорбонна-Қазақстан институтында білімнің беделін арттыру, институтты басқару жүйесін жетілдіру, мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, институттың тиімділігін арттырудың стратегиялық бағыттарын дамыту және шетелдік жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу.

 

Ректор Такир Балықбаев, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, Француз Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесіндегі Венециандық Комиссияның мүшесі Игорь Рогов, Француз Республикасының Елшілігінің өкілдері, академиялық қоғамдастық және мемлекеттік органдарының өкілдері, Сорбонна-Қазақстан институтының серіктестері, оқу орындарының ректорлары және Францияның бірқатар университеттерінің (Сорбонна Париж Ситэ, Париж VII имени Дени Дидро, Бордо, Пуатье, Страсбург, Тулуз) ресми өкілдері Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Соронна-Қазақстан институтының профессор-оқытушылары құрамы қатысады.


Қазақстан-Француз форумы аясында серіктес университеттермен меморандумдарға қол қою рәсімі және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мерейтойлық медальдарымен марапаттау рәсімі өтеді.


Өткізілетін уақыты: 5 қазан 2018 ж., сағат 11.00.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 28, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты, конференц-зал.