қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.03.2021

Шетел тілдері мамандығын оқуды академиялық ұтқырлық бағдарламасымен ұштастыру

 

2020 жылдың 17 наурызында Филология және көптілді білім беру инcтитуты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Нурекешова Г.Р., Султанкулова Ш.У., Мамырбаева М.З., Сатылханова Г.А. басшылығымен Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің ұстаздарына және бітіруші 11 сынып түлектеріне арнап кәсіби бағдар жұмысы бойынша онлайн платформада кездесу ұйымдастырылды. Мектеп түлектерінің таңдауларын өзіміздің іргелі оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімізге жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп, педагогикалық мамандық таңдаудың әлемдегі болып жатқан жағдайдан кейін өзіндік орны мен өміршеңдігін дәлелдегенін, шәкіртақының өскендігін және көпшіліктің назары қазіргі таңда осы педагогикалық мамандықтарда екенін баяндап, таңдауларын дұрыс жасауға шақырды.

 

Кездесу барысында С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің директоры Маликова Н.Т., оқу ісінің меңгерушісі Досымбекова М.К., ағылшын тілі пәні мұғалімі Мырзағұлова Ж.Н., сынып жетекшілері Естемесова А.Т., Регинбаева Н.А., Сарымбетова К.К. оқушыларды дұрыс мамандық таңдауға шақырды.

 

Сонымен қатар, аға оқытушы Мамырбаева М.З. жетекшілік ететін Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 3 курс студенттері DAAD стипендиясының жүлдегері Кизатова Айдана және Қалибек Аяулым өздері таңдаған шет тілі мамандығының ұтымды жақтары мен академиялық ұтқырлық бағдарламасымен жинаған білім алмасу тәжірибелері жайлы презентациялар жасап, өз ойларын ортаға салды.

 

Кездесу соңы бітіруші түлектер мен ұстаздар арасындағы тартымды пікір алмасуға ұласты.