Главная /
СМИ о нас
18.03.2021 Түлектер тұрақты жұмыспен қамтылады
Университет жұмыс берушілер мен студенттер арасында кедергісіз қатынас орнату үшін 2019 жылы «Mansap» мобильді қосымшасын қолданысқа енгізді.
Қосымшаның мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген түлектердің жұмысқа орналасуын оңтайландыру. Негізгі мүмкіндіктер - жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс; тұрғылықты мекен-жайы бойынша бос орындарды қарау; қажетті маманды жедел іздеу. Бұл екі тараптың уақытын үнемдейді.
Ал «Bagdar» платформасы түлектерді университетке келген бос жұмыс орындары негізінде жұмысқа бөлуге арналған. Платформа онлайн режимінде жұмыс істейді. Барлық бос жұмыс орындары кесте түрінде ұсынылған: студент өзіне керекті аймақты, мамандықты жылдам іздеп таба алады, енгізілген студенттің аты-жөнін өзге студент (адам) өзгерте алмайды.
Платформадағы ақпаратты «Мансап» орталығының басшысы Excel форматында жүктеп, сол бойынша жұмысқа жолдама береді. Платформа android, ios, windows бағдарламаларына сәйкестендірілген. Бұл жобаны әзірлеу 2021 жылдың 1 наурызында басталып, 16 наурызда аяқталды. Қазіргі уақытта платформа апробациядан өтуде. Платформа 2021 жылдың 15 сәуірінен бастап білім алушылардың қолданысына беріледі. Идеялар мен жобалардың авторы - Р.Жетібай.
18.03.2021 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz
|