Главная /
СМИ о нас
19.03.2021 Талапкер - 2021: Жақын шетелдерге кәсіби бағдар беру жұмысы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде онлайн-кездесу өтті, онда Қарақалпақстаннан талапкерлердің университетімізге оқуға түсу мәселелері қарастырылды, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Кездесуге МГПИ жанындағы академиялық лицейдің директоры (Нүкіс Қ.) К.У. Калхоразов, директордың орынбасары Г.Ж. Машарипова, бөлім бастығы Ж. Ш. Жұмамұратов, бітіруші сыныптардың оқытушылары мен оқушылары қатысты. Шетел азаматтары мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы Г.З. Таубаева дайындық курстарына түсу ережелерін түсіндіріп, жақын және алыс шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдерін оқыту шарттарымен таныстырды.
Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі С.Б. Бегалиева шетелдіктердің қазақ және орыс тілдерін қалай меңгеріп жатқаны туралы айтып берді. Абай атындағы ҚазҰПУ-ға түсу үшін тілдік курстарды бітіргені туралы куәлік қажет екенін ерекше атап өтті. Аталған іс-шараға кафедра оқытушылары Т.Т. Айтказина (кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үйлестіруші),Г.М.Нурахунова, Б.С. Балгазина, И. Е. Есиркепова және декан орынбасары С. М. Джүнүсова қатысты.
19.03.2021 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz
|