қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.03.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Ош қаласында өткен Еуразиялық білім форумына қатысты


Стратегиялық мақсаттарды іске асыру және шетелдік студенттерді тарту үшін Abai University өкілдері 23-24 наурыз аралығында Ош қаласында (Қырғызстан Республикасы) өткен Еуразиялық білім беру форумына қатысты. Қырғызстанның білім көрмесі Ош мемлекеттік университетінде студенттердің, оқушылардың, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарының қатысуымен өтті.

 

Көрмеге келушілер университеттің білім беру бағдарламаларымен, оқуға қабылдау ережелері мен қабылдау комиссиясының жұмысы туралы ақпаратттармен танысып, алдағы онлайн форматта өтетін Ашық есік күніне шақыру алды.