Главная
Новости
29.03.2021 «Украинада инклюзивті білім беру нысандарын енгізу және дамыту» вебинары
2021 жылы 26 наурызда Инклюзивті білім беру бойынша Виртуалды зертхананың он екінші вебинары өтті. Вебинардың тақырыбы - «Украинада инклюзивті білім беру нысанын енгізу және дамыту». Вебинардың ұйымдастырушысы және модераторы - ҚР жоғары оқу орындары үшін Инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультациялық орталығының директоры, профессор, Зульфия Мовкебаева.
Баяндамашы - Украинаның Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясының Николай Ярмаченко атындағы арнайы педагогика және психология институтының есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту бөлімінің аға ғылыми қызметкері Владимир Шевченко.
Вебинарға Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарынан мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының әкімшілігі мен мұғалімдері, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, ҮЕҰ өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы және т.б.
Вебинар «Инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы» іс-шарасының шеңберінде 2020 жылдың 29 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін Инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
|