Главная
Новости
02.04.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы облысы білім басқармасының кездесуі
Университет ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен 2020/2021 оқу жылында бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі қарқынды басталып кетті. Университет 2021 жылдың 2 сәуірінде «Жұмыс берушілер апталығын» ашты. Апталықтың негізгі мақсаты - әр облыс өкілдерімен жекелей кездесіп, ынтымақтастықты нығайту. Бітіруші түлектерді сол өңірге жұмысқа жіберу.
Жұмыс берушілер апталығының алғашқы кездесуі Алматы облысы білім басқармасының өкілдерімен өтті. Кездесуді ректор Такир Балықбаев ашты. Кездесуге университет ректоры Такир Балықбаев, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, «Мансап» орталығының басшысы Гүлира Үсейін, Алматы облысы білім басқармасының басшысы м.а. Гүлсара Исағұлова, Білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова және студенттер мен магистранттар қатысты.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты жаңғырту, өзара ғылыми-теориялық тәжірибе алмасу, педагогикалық практиканы жандандыру, жастарды мерзімді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Студенттер сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңында тың жобаларды бірге жүзеге асыру жоспарланды.
|