қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
04.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы облысы білім басқармасының кездесуі

 


 

Университет ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен 2020/2021 оқу жылында бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі қарқынды басталып кетті. Университет биыл сәуір айының 2-і күні «Жұмыс берушілер апталығын» ашты. Апталықтың негізгі мақсаты - әр облыс өкілдерімен жекелей кездесіп, ынтымақтастықты нығайту. Бітіруші түлектерді сол өңірге жұмысқа жіберу, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

 

Жұмыс берушілер апталығының алғашқы кездесуі Алматы облысы білім басқармасының өкілдерімен өтті. Кездесуді ректор Такир Балықбаев ашты. Кездесуге университет ректоры Такир Балықбаев, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, «Мансап» орталығының басшысы Гүлира Үсейін, Алматы облысы білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова, білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова және студенттер мен магистранттар қатысты.

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты жаңғырту, өзара ғылыми-теориялық тәжірибе алмасу, педагогикалық практиканы жандандыру, жастарды мерзімді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Студенттер сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңында тың жобаларды бірге жүзеге асыру жоспарланды.

 

04.04.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz