Главная
Новости
06.04.2021 «Болашаққа жол өзіңнен басталады» екікүндік семинар-тренинг
2021 жылдың 31 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Болашаққа жол өзіңнен басталады» екікүндік семинар-тренингі онлайн форматта өтті.
Вебинарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын жан-жақты насихатталып, Қазақстан жастарының патриоттық сезімін арттыруға және әлеуметтік-азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды зерделеуге бағытталған дәрістер оқытылды.
Семинар барысында «Тәуелсіздік дәуірі», «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол», «Ұлы Даланың жеті қыры» тақырыптарында дәрістер оқытылып, «Командада жұмыс істеу», «Әлеуметтік жобалар жасау» және т.б. тақырыптар аясында тренингтер жүргізілді.
Жалпы семинар-тренингке Абай атындағы ҚазҰПУ-дан 22 студент қатысып, семинар қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні қатысушыларға сертификат табыстау рәсімі өтті.
Сертификат табыстау рәсімін Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Қазына Бекбенбетова ашып, білім ордамыз бен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы арасындағы қарым-қатынас туралы қысқаша мәлімет берді.
Айта кететін жайт, 2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ және Елбасы Кітапханасы ынтымақтастық орнату мақсатында өзара Меморандумға қол қойып, бүгінгі күнге дейін Кітапханада ұйымдастырылатын дәстүрлі екікүндік семинарға 100-ден астам студент-жастарымыз қатысты.
Сөз кезегін алған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалар қызметі басшысы Исинова Күнсұлу Серікқызы семинар-тренингтің мазмұны жағына тоқталып, университет жастарының белсенділігін атап өтті. Сонымен қатар, жастардың семинарға қатысуына қолдау көрсеткен университетіміздің басшылығына алғысын білдірді.
Университет жастары атынан Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ділдәбек Дидарбек, Тарих және құқық институтының 4 курс студенті Курманалиев Артық сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді.
Биылғы жылы аталмыш семинар пандемиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өтті. Онлайн режимінде өткен семинар студенттердің қызығушылығын арттырып, Кітапхана мен Университет арасындағы байланысты нығайта түсті.
Тәрбие, әлеметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент |