қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.04.2021

Қазақ өлкесіндегі болыстық жүйе құрылымы


2021 жылы 5 сәуірде Тарих және құқық институтының «Ғылым декадасы - 2021» аясында академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті С.С.Сайфулмаликова «Ресейдің имперлік саясатындағы болыстық жүйе құрылымы» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәрісте Ресей империясының қазақ өлкесіне енгізген болыстық жүйе құрылымына қатысты қазіргі таңдағы зерттеулердің бағыттарына жеке-жеке тоқталып, талдау жасады. Болыстардың құрылу механизмі, болыстық жүйе құрылымының ерекшелігі және қазақ қоғамына тигізген салдарларын автор Өзбекстан Республикасының, Қазақстан Республикасының мұрағат қорларынан алынған құжаттармен дәйектеді. ХІХ ғасырдағы реформалар негізінде құрылған болыстық жүйенің практикалық өмірдегі енуі барысына да тоқталып өтті.


Дәрісте Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің және тағы да басқа жоғары оқу орындарының оқытушылары мен магистрант, докторанттары қатысып, өзара пікір алмасты.