қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.04.2021

«Онлайн оқыту стратегиялары» халықаралық вебинарының қорытындысы

 

2021 жылғы 7 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым айы аясында, сонымен қатар қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан «Нақты деректер негізінде оқытушыларды даярлау және ұйымдастырушылық мәдениет» халықаралық жоба аясында Сакраментодағы Калифорния Университетінің (АҚШ) қатысуымен «Онлайн оқыту стратегиялары» тақырыбында халықаралық онлайн-вебинар өткізілді. Жоба Америка мемлекетінің халықаралық білім беру бойынша Американдық кеңесінің U.S.-Kazakhstan University partnerships grants бағдарламасымен қаржыландырылады.

 

Халықаралық онлайн-вебинардың ұйымдастырушылары - Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасы және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың пост-докторанттары.

 

Вебинарды Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан жоба үйлестірушісі, модератор Баян Сапаргалиева ашты.

 

Iс-шараның басты спикері - Сакраментодағы Калифорния Университеті Білім колледжінің деканы (АҚШ), жоба үйлестірушісі профессор Александр Сидоркин, екінші баяндамашы - ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аударма кафедрасы профессоры Айгүл Жұмабекова болды. Баян Сапарғалиева вебинар бағдарламасымен таныстырып, жобаның мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша мәлімет берді.

 

Айгүл Жұмабекова Абай атындағы ҚазҰПУ-да онлайн оқыту тәжірибесімен бөлісті. Спикер университеттің цифрлық білім беру саласындағы стратегиялық бағыттары, профессор-оқытушылар құрамның ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілік деңгейін арттыру бағдарламалары, университеттің білім беру цифрлық платформалары туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, онлайн-оқытудың қол жеткізген жетістіктері мен негізгі қиындықтары (бір жағынан, оқытушылар үшін, екінші жағынан, студенттер үшін) атап көрсетілді.

 

Александр Сидоркин өз университетінің студенттері мен оқытушыларына онлайн-оқытудың тиімділігі жайлы сауалнама нәтижелері туралы ақпаратты ұсынды. Спикер қарым-қатынас педагогикасы, курсты жобалау сияқты онлайн-оқыту стратегиялары туралы көзқарасын айтып өтті. «Біз-сәттерміз», «барлығы естиді», «жасағаныңызды түсіндіріңіз», микротапсырмалар; нақты, қызықты түрде барлық стратегиялар бойынша мысалдар келтірді.

 

Вебинар тыңдаушыларына еліміздегі және шетелдегі онлайн-оқытудың қиындықтарын салыстыруы өте қызықты болды, көптеген мәселелерде ұқсастықтықтар кездесіп жатты. Сонымен қатар онлайн-оқытудың тиімділігін арттыру үшін ортақ мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

 

Онлайн-вебинарда 60-қа жуық қатысушылар, Қазақстан елдерінің жоғары оқу орындарының өкілдері болды, солардың ішінде: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Каспий университеті, Орталық Азия университеті, Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет академиясы және Абай атындағы ҚазҰПУ.

 

Сессияда вебинарға қатысушылардың сұрақтары мен жауаптары тыңдалды.

 

Іс-шараның халықаралық деңгейдегі нәтижелерін қорытындылай келе, оқытушылар мен студенттердің онлайн-оқытуға қатысуы мен дайындық дәрежесі оқытушылар үшін де, студенттер үшін де үлкен маңызы бар екенін тағы бір рет атап өтуге болады.

 

Вебинар жылы жүзді кездесуде және өзара достық атмосферасында өтті, қатысушылар спикерлер мен ұйымдастырушыларға қызықты онлайн-кездесу үшін ризашылықтарын білдірді және Сакраментодағы Колиформия университетімен әрі қарайғы ынтымақтастықты күтуде.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы хабарландырулардағы сілтемелерге назар аударуларыңыз өтініледі. Халықаралық онлайн-вебинарлар сериясы 2021 жылғы 8,9-шы сәуірде жалғасады.