Главная /
СМИ о нас
08.04.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы қаласы білім басқармасы өкілдерінің кездесуі
Іс-шараға Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Мансап орталығының басшысы Гүлира Усеин, Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айсұлу Ботаева, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, студенттер мен магистранттар қатысты.
Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты жаңғырту, өзара ғылыми-теориялық тәжірибе алмасу, педагогикалық практиканы жандандыру, жастарды мерзімді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Студенттер сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Университет түлектерін мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жаңа жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарлануда.
08.04.2021 ж. Ақпарат көзі: kazgazeta.kz
|