Главная /
Объявления
06.11.2018 Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі ғылыми-практикалық конференция
2018 жылғы 7 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Конституциялық реформа жағдайындағы құқықтық саясаттың жаңа басымдықтары аясындағы әдістемелік және қолданбалы аспектілері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Талқыланатын сұрақтар: 1.Процессуалдық келісімнің қылмыстық-құқықтық негіздері; 2.Келіссөз өндірісінің қылмыстық-процестік регламентінің мәселелері; 3.Процессуалдық келісімнің институттандыру мәселелері; 4.Қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдірудің перспективалары мен кінәні мойындау туралы мәмілені регламенттеу ерекшеліктері; 5.Қылмыстық процестік заңнамасын жетілдіру перспективалары мен ынтымақтық туралы процессуалдық келісімді регламенттеу ерекшеліктері; 6.Процессуалдық келісім жасалған қылмыстық істерді сотта қарау ерекшеліктері; 7.Процессуалдық келісім аясында сот төрелігі қағидасын сақтау; 8.Келіссөз өндірісінде прокурордың рөлі мен маңызы; 9.Процессуалдық келісім жағдайында құқықтық қатынастың субъектілері және олардың құқықтық мәртебесін регламенттеу; 10. Процессуалдық келісім жасалған қылмыстық істер бойынша дәлелдеу пәні; 11.Процессуалдық келісім жасалған қылмыстық істер бойынша қорғаушының орны мен рөлі; 12.Ынтымақтастық туралы процессуалдық келісімнің жедел іздестіру мен қамтамасыз ету мәселелері; 13.Қылмыстық қудалау органдарының медиативті келісімді, процессуалдық келісімді қолдануы тәжірибесі; 14.«Медиативті келісім», «жедел өндіріс» және «қысқартылған өндіріс» ұғымдардың арақатынасы; 15.Процессуалдық келісім институтын қолданудағы шетелдік тәжірибе және оны Қазақстанның қылмыстық-процестік заңнамаларын жетілдіру істерінде қолдану .
Қосымша ақпарат алу үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасына хабарласуға болады.
Конференцияға қатысу үшін алдын - ала тіркелу қажет.
Конференция материалдары жинағын құрастыру сұрақтары бойынша: заң ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор Несібелі Қалқаева, е-mail: nesibeli77@mail.ru , телефон: + 7 7014153016.
Конференцияға қатысты қосымша сұрақтар бойынша: заң ғылымдарының докторы, профессор Бахытжан Төлеубековаға хабарласа аласыз, телефон: + 7 700 9943774.
Тіркелудің соңғы мерзімі: 2018 жылдың 22 қараша, сағат 17:00 .
Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
|