қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.04.2021

«Fulbright бағдарламасында халықаралық ғылыми қоғамдастықты дамыту»

вебинарының қорытындысы

 

2021 жылы 9 сәуірде Ғылым айы аясында «Fulbright бағдарламасында халықаралық ғылыми қоғамдастықты дамыту» халықаралық онлайн-вебинары өтті.

 

Халықаралық вебинардың ұйымдастырушылары - Абай атындағы ҚазҰПУ пост-докторанттары.

 

Вебинарды модератор, Абай атындағы ҚазҰПУ атынан жобаның үйлестірушісі, пост-докторант Баян Сапарғалиева ашты.

 

Іс-шараның негізгі спикері - Fulbright халықаралық грантының түлегі, ХАТУ математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессоры, Кентукки Университетінің (АҚШ) шақырылған профессоры Бақыт Алипова болды.

 

Модератор, Абай атындағы ҚазҰПУ атынан жоба үйлестірушісі Баян Сапарғалиева вебинар бағдарламасымен танысырды.

 

Бақыт Алипова Америка үкіметінің, Халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі консулдықтың гранттық бағдарламалары туралы ақпарат беріп, ғылыми зерттеулер (әсіресе STEM саласында) жүргізу үшін гранттық бағдарламаларға қатысу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Спикер өтінім беру ережелері, үміткерге қойылатын талаптар, бағдарламаның артықшылықтары, кейінгі есеп беру, АҚШ-та тұру туралы және т.б. мәлімет берді.

 

Вебинар Fulbright гранттық бағдарламасына қатысуға, өтінім беру процесі мен тәртібіне, Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығының қызметіне арналды.

 

Сондай-ақ әңгіме барысында келесі сұрақтарға жауаптар алынды:

- Бағдарлама кімге арналған;

- Fulbright бағдарламалары қандай;

- 2021-2022 оқу жылындағы Fulbright бағдарламасының стипендияларының болжамды саны;

- Бағдарлама нені төлейді;

- Жас шектеулері бар ма т.б.

 

Вебинарда 40-қа жуық қатысушы, Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері болды, олардың ішінде: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет академиясы, Семей электротехникалық колледжі және Абай атындағы ҚазҰПУ.

 

Сессияда вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Онлайн іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар АҚШ-тағы ғылыми зерттеулер үшін ақы төлейтін халықаралық бағдарламаларға қатысудың жаңа мүмкіндіктерімен танысты.

 

Вебинар жылы және достық көңіл-күйде өтті, қатысушылар спикерлер мен ұйымдастырушыларға қызықты ақпарат үшін алғыстарын білдірді.