қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.04.2021

Түркістан декларациясы: түбі бір түркі халқы


2021 жылы 8 сәуірде Филология және көптілді білімі беру институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы түрік тілі пәні оқытушылары Ерғали Есбосынов, Гүлназ Сәтбай, Нұржамал Қоспағанбетова «Түркістан Декларациясы: түбі бір түркі халқы» вебинарын ұйымдастырды. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Е.З.Есбосынов кіріспе сөзбен ашып, баяндамашылар мен қатысушыларды таныстырып өтті.

 

Вебинарды А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Фонетика бөлімінің Бас ғылыми қызметкері Әлімхан Жүнісбек «Қазақ жазу теориясы жайында» баяндамасымен бастады. Танымал ғалым фономорфология мен фонетика түрғысынан алғанда латыннегізді қазақ алфавитінің үш вариантының да кемшін тұстарының басым екендігін атап өтті. Вебинар академик С.С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Г.С. Қосымованың «Түбі бір түркі тілдерінің жазу тарихы» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасып, түркі тілдері жазу-сызуының тарихи тұрғыда ортақтастығына шолу жасалды. Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті Е.З.Қажыбек «Ортақ әліпби - Түркі әлемі тұтастығының кепілі» тақырыбындағы баяндамасында түркі әлемі латыннегізді қазақ алфавитіне үлкен үміт артатындығын, мұны Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұдайы еске салып жүретіндігіне назар аударды. Академик С.С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Қ.С.Қалыбаева «Ортақ түркі тілі жайлы ой-пікірлер» тақырыбындағы баяндамасында түркі тілдерінің өңірлік, аймақтық ерекшеліктеріне шолу жасап, барлық түркі тілдерінің басын біріктіріп әлемдік деңгейдегі мәдени-лингвистикалық ошақтардың біріне айналуы - латыннегізді ортақтүрік алфавитінде екендігін атап өтті. Филология және көптілді білімі беру институты, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының доценті Р.Ұ.Арзиев «Жазуда бірлік: түркітілдес халықтардың латыннегізді әліпбиі» тақырыбындағы баяндамасында Азербайжан мен Орта Азия түркілерінің латыннегізді әліпбилеріне салыстармалы талдау жасады. Латыннегізді қазақ алфавитінің тек қана қазақ тіліне емес, елімізді мекен еткен барлық түркі тілдеріне қатысты болатындығына назар аудар

 

ып, қазақтекті ұйғыр латын алфавитінің жобасы туралы мәлімет берді. Түркияның Ардахан Университеті, Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеті кафедрасының профессоры А.Ж.Байниязов «Түркістан - Түркі әлемінің рухани астанасы» тықырыбындағы баяндамасында Түркістан қаласының қатардағы географиялық атау болудан шығып, бүкіл түркі әлеміне танымал болуының тарихи астарына шолу жасады. Түркістанның ғылыми, мәдени және туристік салада жалпытүркілік деңгейге жетуі үшін потенциалының аса мол екендігіне назар аударды. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының волонтер-оқытушысы Осман Қабадайы «И.Гаспыралының «Тілде, пікірде, істе бірлік» концептісінің маңызы мен мағынасы» тақырыбындағы баяндамасында өткен ғасырда болғанындай осы уақытта да түркі елдерінің халықаралық аренадағы көрінісінің ұқсастығы мен ортақтастығына шолу жасады.

 

Вебинар соңында баяндамашылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Гуманитарлық және мәдени дамумен қатар біз бір-бірімізден көп нәрсе үйренеміз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе береді, соның арқасында біз жастарымыздың жаһандық деңгейде дамуына ықпал етуге мүмкіндік аламыз. Бізге бірге даму маңызды (https://astanatv.kz/kz/news/60341/)», деген тезисін басшылыққа алу қажеттігіне назар аударды. Тезистің басты мәні Латыннегізді қазақ алфавитінде екендігін, бұл алфавиттің кемшін түстарын жою күн тәртібінен түспегендігін атап өтті. Қатысушылар, сонымен қатар, түркітану сияқты мамандыққа тән ерекшеліктерді ескеру қажеттігін, оқу бағдарламасын түзуде мұқият болу керектігіне назар аударды.

 

Вебинарға Филология және көптілді білімі беру институты директорының Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.С.Қасенов бастаған студент, магистрант, оқытушы қауымы қатысты. Вебинарды Ерғали Есбосынов жүргізді. Техникалық қолдауын оқытушы Н.Х.Қоспағанбетова атқарды. Барлық қатысушылар тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын және осындай кездесулер, мүмкіндігіне қарай жиі ұйымдастырулын атап өтті.