қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.04.2021

«Абай атындағы ҚазҰПУ-де KAZDUAL жобасын жүзеге асыру туралы»
халықаралық семинардың қорытындысы

 

2021 жылы 9 сәуірде Ғылым айы мен жүзеге асырылып жатқан «KAZDUAL - Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» ERASMUS+ бағдарламасының «Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) халықаралық құрылымдық жобасы аясында «Абай атындағы ҚазҰПУ-да Kazdual жобасын жүзеге асыру туралы» халықаралық онлайн-семинары өтті.


Ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ пост-докторанттары, Ғылым департаментінің коммерцияландыру бөлімі.


Семинарды іс-шараның модератор-спикері - пост-докторант, Абай атындағы ҚазҰПУ атынан KAZDUAL жобасының үйлестірушісі Баян Сапарғалиева ашты. Семинар спикерлері Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаменті коммерцияландыру бөлімінің басшысы, жобаны жобалық-техникалық қолдау жөніндегі негізгі өкілі Талғат Игісінов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы KAZDUAL жобасы Білім бағдарламаларының сарапшысы, жоба нәтижелерін тарату мен қолдану жөніндегі жауапты тұлға, пост-докторант - Дина Сабирова болды.


Баян Сапарғалиева семинар бағдарламасымен таныстырып, университетте жобаны жүзеге асыру барысы туралы айтып берді, сондай-ақ семинарға қатысушыларды жобаның мақсаты, міндеттері, ҚазҰПУ жұмыс тобы, негізгі іс-шаралар және жоба шеңберінде күтілетін нәтижелер туралы толық ақпарат берді.


Талғат Игісінов «Кәсіпкерлік және дуальды білім беру» тақырыбында баяндама жасап, «KAZDUAL неге құрылымдық жоба болып табылады?» сұрағына дуальды білім берудегі кәсіпкерліктің рөлі арқылы жауап беруге тырысты.


Дина Сабирова әлеуметтік желілерде жұмыс тәжірибесінің таралуы туралы айтты. Instagram және Facebook-те жұмыс істеу бойынша тәжірибелік кеңестер ұсынған спикердің баяндама тақырыбы: «Әлеуметтік желілерде KAZDUAL тәжірибесін тарату ерекшелігі».


Семинарға шамамен 100 қатысушы - Еуропа елдерінің университеттері мен ұйымдарының, Қырғызстан және Қазақстан жоғары оқу орындары мен ұйымдарының өкілдері болды, олардың ішінде: Отто фон Герике атындағы Магдебург университеті (Германия), ОШ технологиялық университеті, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (БСҚА), Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім атындағы Семей университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет академиясы, Семей электротехникалық колледжі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Әуезов атындағы ОҚУ колледжі және Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері қатысты.


Сессияда вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.


Онлайн іс-шараны қорытындылай отырып, аудиторияның жоғары белсенділігін атап өтуге болады, бұл Қазақстанда дуальды білім беру жүйесінің өзекті екенін растайды, семинарға қатысушылар кәсіптік бағдар беруге бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту, кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беруді жаңғырту және білім берудің осы екі деңгейі арасындағы алшақтықты жою қажеттігін түсінуде бір пікірде болды.


Іс-шараға қатысушылар спикерлер мен ұйымдастырушыларға пайдалы ақпарат пен семинарды жақсы ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді. Ұсынымдар ретінде семинарға қатысушылар оны табысты іске асыру үшін KAZDUAL жобасына өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетті.