Главная
Новости
04.10.2016
1 қазан - қарттар күні 1 қазан қарттар күні қарттарға деген махаббат мен мейірім күні. Мерекелерімен құттықтап, оларды іздеп келетін жандардың бар екенін көру қарттар үшін, әрине, қуаныш. Мерекемен қарияларымызды құттықтауға Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері де атсалысты. Кішігірім сыйлықтар мен өнерлерін көрсету арқылы ақ самайлы әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымызды қуантуға тырысты. Осындай атқарылған іс-шарадан кейін, жоғары курс студенттері еріп келе жатқан ізбасарлары - 1 курс студенттеріне «Мейірім клубының» дәстүрін жалғастыруды табыстады. Асыл қазына - қарттарымызды тек қана мереке күндері емес, әрқашан еске алып жүрейік.
|