Главная
Новости
02.09.2016 Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған «Конституция саяси тұрақтылық пен халық бірлігінің негізгі іргетасы» атты кеңейтілген дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында «Конституция саяси тұрақтылық пен халық бірлігінің негізгі іргетасы» атты кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Конституцияның қоғамдық санадағы маңыздылығын арттыру, мемлекет қолданысындағы басты құжаттың қоғамдық рөлін айқындау, заңнамалық қағидаларын кеңінен насихаттау. Дөңгелек үстелді университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж. Е. Ішпекбаев жүргізді. Дөңгелек үстелдің барысында төмендегідей тақырыптарда баяндамалар оқылды. «Мәңгілік елдің тұрақтылығының тірегі - Конституция» Баяндаманың басты идеясы: қоғамның әрбір мүшесі Ата Заңды жете меңгеріп осы Заңға бағыну керек, яғни заң шеңберінде әрекет етуіміз қажет екендігін айтты. Келесі баяндаманың тақырыбы: «Толерантность как принцип государственной политики Республики Казахстан». Баяндаманың мазмұны: Басқа ұлтты сыйлай білген адам ғана татулық кеңістігінде өмір сүре алады. Тағы бір баяндаманың тақырыбы: «Конституция - кемел келешектің кепілі». Терең тарихтан тамыр алып, еңселі босағасын бүтіндеп, егеменді ел болып шаңырақ көтерген Қазақстан қазіргі таңда қарқынды дамушы мемлекеттердің қатарынан табылып отырғандығы жайында сөз етті. Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е. Ішпекбаев жиынға қатысушыларды Ата Заң күнімен құттықтап, өткізілген дөңгелек үстелге оң бағасын беріп, алдағы уақытта жаңа оқу жылының басталуына жаңа табыстар тілеп өз сөзін қорытындылады.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
|