Главная
Новости
23.04.2021 «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы» ғылыми семинары
Ғылыми семинардың ашылу салтанатында «Құқықтану» кафедра меңгерушісі Е.А. Бурибаев құқықтық тұжырымдаманың маңыздылығына тоқталып кетті. Іс-шарада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Б.А. Жетпісбаев «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында», Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары Б.Х. Толеубекова «Қылмыстық-процестік құқық саласындағы тұжырымдамалық басымдықтар», Б.А. Тайторина «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар құқықтық саясат Тұжырымдамасы аясында», А.Р. Бижанова «Мемлекеттің қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты» тақырыптарында баяндама жасады.
|