қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
09.09.2013

Ата заңға құрмет

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ауқымды шара өткізілді. Мереке қарсаңында болып өткен «Ата заңым - айбарым» атты бұл терең мәнді акцияға Алматы қаласының Әділет департаментінің өкілдері, аудандық  әкімдіктер  қызметкерлері, университет ғалымдары мен студенттері, журналистер белсене қатысты.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құқық және экономика институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, доцент Талғат Төлеуұлы Балашовтың мерекелік құттықтау сөзінен кейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Лұқманұлы Мұстафин кіріспе сөз сөйледі.

Ата заңымыздың мәртебесі мен мәні туралы айтылған рух көтерер лебіздерден соң кезек ғылыми баяндамаларға берілді.

Атап айтқанда, Мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарынң докторы,  профессор Еркін Ерманұлы Дүйсенов «ҚР Конституциясының рөлі мен маңызы» тақырыбында, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әзімхан Фазылұлы Сейтжанов «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу шаралары» туралы, Мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, құқық ғылымдарының магистрі Бақытжан Болатұлы Байсеитов «Ата заң - мемлекеттің негізі» атты тақырыпта, ал Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студенті  Талант Оңғаров «Конституция - болашақ кепілі» деген тақырыпта байыпты баяндамалар жасады.

Жиналған қауым осы тақырыптар төңірегінде жан-жақты пікір алысты.

 

Айтқазы Байдәулетов,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың

Баспасөз орталығы