қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
26.09.2016

 

Алматы қаласының әкімшілігі жанындағы қоғамдық кеңестің тәуелсіз бапкері А.И. Братенковтың қатысуымен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» мемлекеттік жоспары аясында
жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған
семинар тренинг


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жемқорлықты ауыздықтатуға арналған үгіт-насихат және жемқорлыққа қарсы саясат талқыланған семинар тренинг өткізілді. Тренингті Алматы қаласының әкімшілігі жанындағы қоғамдық кеңестің тәуелсіз бапкері А.И. Братенков жүргізді.

           
Бұл шараның басты мақсаты - халықты саяси ағарту, үгіт-насихат және шараға қатысушылар арасында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру болды. Сондай-ақ, мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынас, жеке адамдармен және заңды тұлғалармен жемқорлыққа қарсы бірлесе күресу сұрақтары да ортаға салынды.

           
Өз сөзінде Братенков жемқорлыққа қарсы күресті ҚР мемлекеттік саясатының және Президент Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған бастапқы көкейкесті мәселелерінің бірі дей келе, «100 нақты қадам» бағдарламасында ұсынылған 5 реформаны іске асыруға арналған арнайы қадамдарды атап айтты. Өрбіте келе, ол жемқорлықпен күрес тарихына шолу жасап, 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы «Нұр Отан» партиясының бағдарламасымен таныстырып, ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегияға тоқталып өтті.

           
Сондай-ақ, Братенков бұл жеморлыққа қарсы бағдарламаның басты міндеті жемқорлықтың пайда болуы себептері мен оған қолайлы жағдайлардың алдын алу болып табылады деді.
Семинардың қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыратын іс-шараларды үздіксіз және жүйелі түрде өткізуге шешім қабылданды.

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы