қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.04.2021

«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» жобасы аясындағы семинар


2021 жылғы 27 сәуірде Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы обылысы, Қарасай және Жамбыл аудандарының білім беру мекемелерімен бірлескен семинар ұйымдастырылды. Семинар «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» тақырыбында өтті. Жас оқытушыларымыз жобалық жұмыстарының жаңаша қырлары мен жаңалықтарын таныстырып шықты. Осы шараның негізінде аудан мектептеріндеде осындай жобалар жүргізілгені дұрыс деп шешіп, бірқатар жобалардың мектептерде бастау алуына жол ашты.


Семинар барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, Іле ауданы, Білім бөлімімен бірлескен меморандум негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың таныстырылымы болды. Білім беру мекемелеріне «Эйгенвельтке саяхат», «Мен оқыған Бестселлер», «Ертегілер елінде» жұмыстары көрсетіліп, таныстырылды. Орта мектеп басшылары мен кітапхана меңгерушілерінің сұрақтарына жауап берілді. Алдағы уақыттарда осы аталған аудандармен меморандум негізінде жұмыстар жүргізу жоспарлануда.