қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.05.2021

Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқу конкурсының жеңімпаздары

 

2021 жылдың 29 сәуірінде Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай поэзиясы әлем тілдерінде» тақырыбында халықаралық вебинар өтті. Вебинарда Абай Университеті, Мугла Сыткы Кочман университеті (Түркия), Әзірбайжан педагогикалық университеті (Әзірбайжан) студенттері арасында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан олимпиада ұйымдастырылды. Жарысқа 2-4 курс студенттері қатысып, қазақ, әзірбайжан, орыс, ағылшын, түрік, араб тілдерінде Абай өлеңдерін оқыды. Студенттерді арнайы құрылған комиссия құрамы бағалап, жүлделі орындарын анықтады.

 

Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ-дың саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының, «Дінтану» мамандығының 2 курс студенттері Иманбаева Айгерім, Көкен Құндыз және Сатенова Аружан қатысып, Абай өлеңдерін араб тілінде оқыды.

 

Комиссия шешімі бойынша Иманбаева Айгерім 1-ші орын, Көкен Құндыз 2-ші орын, Сатенова Аружан 3-ші орын иегерлері атанды. Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы аталған студенттерді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерден көрінулеріне тілек білдірді.