Главная /
Объявления
25.12.2018 Хабарландыру!
Конкурс үміткерлері Ғылыми кеңестің мәжілісінде қарастырылып, конкурс нәтижесі Кеңестің шешімімен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады: 1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-ші курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі. 2. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады: - республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары; - ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар; - табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар; - білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар. 3. Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады. 4. Стипендия жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін. 5. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу 1-ші, 2-ші тармақтарда жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық: - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; - бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.
Үміткерлер жоғарыда аталған талаптарды растайтын құжаттарын (транскрипт, ғылыми жетістіктері, диплом, грамота, сертификат, т.б. көшірмелері) 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін институт директоратына өткізулері қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендиялар байқауына бакалавриат бойынша ұсынылатын үміткерлер туралы ақпарат
|