қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.05.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері - Халықаралық мәнерлеп оқу конкурсының жеңімпаздары

 

2021 жылғы 12 сәуірде «Тілдік мағыналар зертханасы» ғылыми іс-шаралар циклі аясында Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті ұйымдастырған жоғары оқу орындары арасындағы Халықаралық декламация конкурсының қорытындысы 2021 жылы 04 мамырда жарияланып, жеңімпаздарға дипломдар табыс етілді.

 

Бұл конкурсқа Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасынан «Аударма ісі» мамандығы қазақ бөлімінің 2 курс студенттері белсенді түрде қатысты: Аркабаева Айсұлу мен Кабаева Жамал «Үздік техникалық декламатор» номинациясы бойынша 1-орынға ие болды (ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Жұмабекова), ал Төрехан Назира мен Хамзина Аяулым «Үздік көркем декламатор» номинациясы бойынша 3-орынға ие болды (жетекшісі - аға оқытушы, магистр К.Қ. Ибрагимова).

 

Студенттеріміз бен олардың жетекшілерінің жетістіктерімен құттықтаймыз!