Главная
Новости
17.05.2021 Жаратылыстану және география институты студенттерінің педагогикалық тәжірибесінің қорытынды онлайн-конференциясы
Жаратылыстану және география институтының директоры - ГЦҰҚ төрайымы Куляш Каймулдинова, құттықтау сөз сөйлеп, белсенді студенттерге «Үздік практикант» дипломын табыстады. Сонымен қатар конференцияда «Мансап» орталығының өкілі Акерке Асанхан, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, жетекші-әдіскерлер Талғат Уалиев, Гаухар Абдикаримова, Андрей Абулгазиев, Назым Бекенова, Алия Калыбаева, Сауле Джамилова, Гүлжанат Камиева сөз сөйледі. Спикерлер білім беру бағдарламасына енген «Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі» туралы, студенттердің жұмыс өтіліне кіретін педагогикалық тәжірибені жыл бойы өтетіндігі және ең бастысы жұмысқа орналасу үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететіндігі туралы айтты.
Онлайн-конференция барысында студенттер 2021 жылдың 21 қыркүйегі мен 30 сәуірі аралығында өткен педагогикалық тәжірибе есептерін ұсынды. Олар өздерінің жетістіктері мен проблемалары туралы, педагогикалық тәжірибеден алған әсерлері туралы әңгімеледі. Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған педагогикалық тәжірибе барысында студенттер өз мамандықтарының қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе, білік және кәсіби құзіреттіліктер жинақтады.
Жалпы, онлайн-конференция жоғары деңгейде өтті: студенттердің есептері тыңдалды, тәжірибе туралы пікірталас өткізілді, тәжірибе жетекшілерінің пікірлері айтылды және нәтижелері шығарылды, жалпы педагогикалық тәжірибені жетілдіру бағыттары айтылды.
|