қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.05.2021

Халықаралық вебинар


2021 жылы 14 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың постдокторанттары және KAZDUAL тобы жетекші, ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор С.Қ.Сахиев «COVID-19 пандемиясы жағдайындағы цифрландыру және білім беру: Болгариядағы және Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) және Иран жоғары біліміндегі тәжірибелер мен инновациялар» жобасының халықаралық вебинарлары сериясы аясында өткен вебинарға қатысты.

 

Вебинарға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Еуропа университеттері: Әулие Климент Охридский атындағы София университеті - әл-Фараби атындағы Ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері қатысты. Жобаның мақсаты - соңғы бір жарым жылдағы пандемия жағдайында Болгарияда, Орталық Азия елдерінде және Иранда жоғары білім берудегі цифрландыруды сыни тұрғыдан қайта ойлау, талдау және тәжірибе алмасу үшін мүмкіндік жасау.


Абай атындағы ҚазҰПУ-ды әлемдік ғылыми алаңда профессор С.К. Сахиев лайықты түрде таныстырды, оның баяндамасын интерактивті әдістер мен озық оқу технологияларын қолдана отырып, үздік жасалған баяндама деп санауға болады.

 

Анықтама үшін: Әулие Климент Охридский атындағы София университеті - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық серіктесі.

 

2021 жылы Б.О. Сапаргалиеваның жетекшілігімен университет кафедраларымен бірге магистратураның қосдипломды бағдарламасы жасалды: «Шетел тілі (ағылшын тілі), әдебиеті, медиа», «Еуропа және Азия: ЕО-дағы мәдени дипломатия және геосаясат».