Главная /
Объявления
18.09.2013
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сапабеков Досмұхаммед Қылышбекұлының «Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Диссертация С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша. Ғылыми кеңесшілер: Ғ.М.Кертаева - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, п.ғ.д, профессор; Л.В.Мардахаев - Ресей мемлекеттік әлеуметтік отбасы университеті, п.ғ.д., профессор (Мәскеу). Рецензенттер: Б.А.Оспанова - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, п.ғ.д, профессор; Қ.М.Нағымжанова - Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Бастауыш оқыту теориясы және әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент. Қорғау 2013 жылғы 18 қазанда сағат 14:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 (2-қабат, мәжіліс залы), сайт - www.kaznpu.kz
Түйін Сапабеков Досмұхаммед Қылышбекұлы
Зерттеудің көкейкестілігі. ХХІ ғасырда жоғары оқу орнында болашақ мамандар даярлау үдерісінде қоғамымыз жаңа міндеттер қойып отыр. Жаһандану кеңістігінде инновациялық технологияның алар орны ерекше. Осыған орай, бүгінгі студенттердің парасатты ойлау өнерін заманауи мүддесіне сәйкестендіру, унификациялау көкейкесті мәселенің өткірлігін көрсетеді. Біздер «технология» ұғымын «ойлау өнері» мағынасында ұсынып, оны парасатты іс-әрекет негізінде зерделеудің тиімді екенін байқадық. Аталған проблеманы шешу үшін бүгінгі таңда жоғары оқу орны білімденудің жаңа технологияларын нәтижеге бағдарлау жүйесін әр мамандыққа бағыттап құруы көзделеді. Оқытудың жаңа технологиясын саралау білім мазмұнының ерекшелігін, мәнін, мазмұнын, ықтимал жауаптарын студенттердің ойлау өнеріне түрткі болар жағдайда қарастырылады. Соңғы жылдары оқытудың білім беру технологиясына қатысты педагогика ғылымына қарқынды түрде жаңа ұғымдар енгізілуде. Білім беру технологиясының даму тарихы, оның кезеңдері отандық және жаһандық ғылым жетістіктерінің ішінде әлемдік көрнекті ғалым-зерттеушілерінің еңбектерімен тығыз байланысты болып отырғанын зерттеу барысында аңғардық. Ж. Аймауытов «Психология» деген оқулығының екінші бөлімінде оқыту, білім мазмұны сияқты нысандарға ғылыми тұрғыда тұжырымдар жасаған. Анықтап айтсақ, парасатты іс-әрекетті «жұлма жад» сыңайында зерделеп: ілтипат, мүдде, перцептив, апперсепсе, феноменін табу, ассоциативті бағамдау, пайымдау, түйіндеу деген ұғымдармен анықтаған. Демек, талдау негізінде жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасалған талдау жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін өркендетудің қажеттілігі мен оның педагогика ғылыми тұрғысынан жүйелі зерттелмеуінің арасында қарама-қайшылықтар анықталды. Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру барысында зерттеу проблемасын анықтап тақырыпты «Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себеп болды. Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін анықтаудың мазмұны мен әдістерін жасау. Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі. Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру. Зерттеудің міндеттері. 1. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің педагогикалық негізін айқындау. 2. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидаларын жасау. 3. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың деңгейліктерін ашу. 4. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінде қолданылатын технологияларды ұсыну. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарын, философиялық тұрғыда адамның танымдық қызметінің мәні туралы қағидаларымен, білім беру үдерістері мен жүйелерін құру теориясы туралы ережелерімен, ойлау өнерінің парасатқа бағдарлану Әбу Насыр әл-Фараби тұжырымдарымен, сондай-ақ, білім беру саласындағы тұжырымдамаларымен айқындалды. Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, салыстыру арқылы қоғамның әлеуметтік даму жағдайында ойлау өнерінің ізгілікті ұстанымы ретінде студенттердің парасатты бағамдау мүмкіндігін анықтау, индикатор мен өлшемдіктерін саралау, кемі екі түрлі немесе одан да көп ойлардан бір ой түю, силлогизм, сұқбат құру, байқау, қорыту және зерттеу деректерін статистикалық және математикалық әдістермен нақтылау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні: 1) Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің педагогикалық негізі айқындалды. 2) Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің заңдылықтары мен қағидалары құрылды. 3) Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың деңгейліктері жіктелді. 4) Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінде қолданатын технологиялар таңдалды. Зерттеудің практикалық мәнділігі: 1) отандық білім мен ғылымды тұтастықта алып, жаһандасу кеңістігіне жуықтатудың тағылымын тәжірибеде қолдану мүмкіндігі көрсетілді; 2) ойлау өнерінің әр студентте әртүрлі деңгейлікте келуінің индикаторлары ұсынылды; 3) студенттердің танымдық қызметін ойлау өнеріне бағдарлаудың құрылымдары түзілді; 4) ұжымдық және жеке ойлау өнерінің блоктары құрылды; 5) студенттердің ішкі интеллектуалды әлеует қорын жинауын, интериоризациясын диагностика арқылы бағамдаудың жобалау іс-әрекетіне бағдарлау анықталды; 6) оқыту іс-әрекетінде меңгерілетін ғылыми-біліми нысандарды қабылдаушы студенттердің интеллектуалды іс-әрекет үйлесімде меңгерілуінің жүйесі берілді; 7) екіден жоғары сандағы адамдар арасындағы қарым-қатынас, коммуникативтік іс-әрекетті құрудың реті айқындалды; 8) «Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру» элективті курс жасалды.
|