қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.05.2021

Халықаралық ғылыми конференция - түрлі елдердің филологтарының кездесу орны

 

2021 жылғы 20 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Поэтика және өлеңтану мәселелері IX» халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның ашылуы өтті.

 

Ресей, Украина, Әзірбайжан, Польша, Эстония және АҚШ-тан жүзден астам қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысуға өтінім берді. Онлайн-форматқа қарамастан конференция Қазақстанның көне жоғары оқу орындарының бірінің ғылыми мектебінің игі дәстүрлерінде өткізілді: бірінші пленарлық отырыс, жеке 5 секция бойынша жұмыс және екінші жұмыс күніне қорытынды пленарлық отырыс шаралары іске аысырылды.

 

Пандемияға байланысты шектеу шараларының жаңа жағдайында мұндай ауқымды іс-шаралар біздің ғылыми идеяларымыздың, әлемдік қоғамдастықтағы ортақ мақсаттарымыз бен міндеттеріміздің, құндылықтарымыз бен мұраттарымыздың қаншалықты жақын екенін көруге және түсінуге мүмкіндік береді.

 

Конференция қатысушыларына университеттің ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры Саябек Сахиев құттықтау сөз сөйледі. Көптеген ғалымдардың алдында Халықаралық қоғамдық қордың директоры Бақытқүл Айдарова, Қарасаздағы ақынның туған жеріндегі М.Мақатаев мұражайының директоры Ерлік Мұхамеджанұлы сөз сөйледі.

 

Пленарлық отырыстың модераторы - Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, М.Мақатаев шығармашылығының танымал зерттеушісі, профессор Сәуле Әбішева қатысты. Қазақ және орыс тілдерінде ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ лирикасы әлемінің поэтикалық бейнесінің ерекшеліктері мен шығармашылығына арналған 8 баяндама оқылды. Төлеубек Зайсанбаев М.Мақатаевтың поэзиясының фонетикалық құрылымына арналған қызықты баяндаманы оқып қана қоймай, домбырамен сүйемелдей отырып, Мұқағалидің сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әнін орындады.

 

Сәтті өткен пленарлық отырыс бүкіл конференцияның кейінгі жұмысына серпін берді. Конференцияға қатысушылар барлық баяндамашыларға ризашылықтарын білдіріп, секциялық оқуларда қарым-қатынастарын жалғастырды. Белгілі филолог-ғалымдар Олег Федотов, Юрий Орлицкий, Евгений Казарцев (Ресей, Мәскеу), Галина Нефагина (Польша), Әлия Құлымбетова, Манат Мұсатаева, Людмила Сафронова (Қазақстан) және басқалары конференцияның жас қатысушыларымен, магистранттармен және докторанттармен өздерінің ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.

 

Конференцияның ақпараттық мазмұнды бірінші күні шекараларды еңсеруге мүмкіндік берді, ал Қазақстан мен М.Мақатаевтың мерейтойы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шаңырағы астында әлем филологтарын біріктірді.

 

2021 жылдың 21 мамырда конференцияның қорытынды пленарлық отырысы өтті, онда осы беделді ғылыми форумның жұмысы қорытындыланды. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен конференция материалдарының жинағы беріледі.

 

Конференцияға қатысушылар орыс тілі және әдебиеті кафедрасының бастамасымен 2019 жылы Слупск қаласының Помор академиясында (Польша) ашылған Абай атындағы Қазақ ғылымы мен мәдениеті орталығының үйлестірушісі Максим Пономаренконың хабарламасымен қызығушылықпен танысты. Біздің университеттің бакалавриат және магистратура түлегі, ал қазір Помор академиясының докторанты М.Пономаренко Абай орталығының Қазақстанның Польшадағы мәдениеті мен ғылымының трансляторы ретіндегі көпқырлы жұмысы туралы айтып берді.

 

«Еркін микрофон» айдарында конференцияға қатысушылар осы ғылыми кездесуді ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдіріп, түрлі елдер ғалымдарының жемісті ынтымақтастығы жалғасатынына сенім білдірді.