қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.05.2021

BINOM SCHOOL мектептер желісімен кездесу

 

2021 жылғы 31 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4-ші курс студенттері мен 2-ші курс магистранттарының BINOM SCHOOL мектептер желісімен кездесуі өтті.


Кездесуде университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, «Мансап» орталығының басшысы Гүлира Үсейін, BINOM SCHOOL басқарушы директоры Шолпан Кадырова, BINOM SCHOOL даму жөніндегі директоры Арайлым Магзумова, кадр бөлімінің маманы Альмира Молтабаева, студенттер мен магистранттар қатысты.


Кездесу барысында студенттер мен магистранттарға 100 жұмыс орны мен 100 жатақхана ұсынылды. Студенттер сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңында студенттер мен магистранттар үшін BINOM SCHOOL мектептер желісімен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері ашылды.