қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.06.2021

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел

 

2021 жылғы 31 мамырда Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасында саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ХХ ғасырдағы саяси репрессия мен ашаршылық құрбандары бейнелерінің репрезентациясы: КарЛАГ, АЛЖИР, Шымкент қалалық, Жаңалық ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей дерек қорларының негізінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Асымова Дария дөңгелек үстелді ашып, алғы сөз сөйледі. Ақмола облысындағы «АЛЖИР» мұражайының қызметкері Кыдырбаева Назерке мұражай ішінде іс-шара қатысушыларына видео онлайн-экскурсия жүргізді. Қарағанды облысы, Долинка жеріндегі КарЛАГ музейінің қызметкері Жұмабаева Әсем ХХ ғасырдағы саяси репрессия мен ашаршылық құрбандары туралы сөз сөйлеп, КарЛАГ мұражайының жұмысы жөнінде баяндады. Шымкент қалалық саяси құғын-сүргін құрбандары музейінің қор сақтаушысы Әбдіқали Біржан музейдегі атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы Сейтказиев Руслан Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылындағы саяси құғын сүргін құрбандары мұражайына виртуалды саяхат жасады. Абай атындағы ҚазҰПУ Әлем тарихы кафедрасының профессоры Сутеева Ханзада «Қазақстан Республикасының сталиндік террор жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту және оларды мәңгі есте қалдыру мәселесі» тақырыбында сөз сөйледі. Әлем тарихы кафедрасының «5B013000 - Тарих-дінтану» мамандығының 3 курс студенті Күлекенов Айдын «Көңіл толқыны» күйін орындап, сонымен бірге «6B02209 -Тарих- география» мамандығының 1 курс студенті Аминов Бауыржан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған өлең шумақтарын оқыды.

 

Аталған іс-шараға Тарих және құқық институтының студенттері, магистранттары және профессор оқытушылар құрамы қатысты.

 

Дөңгелек үстелдің нәтижесін Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Асымова Дария қорытындылап, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінінің жас ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті. Барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға осындай дөңгелек үстелді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, көтерілген тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.