қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.06.2021

«Жамбыл үміті» балалар конкурсының жеңімпаздары анықталды

 

«1-маусым Халықаралық балалар күніне» орай «Рухани Жаңғыру» орталығының ұйымдастырумен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері мен оқытушыларының балаларына арналған Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жатқа оқудан өткен шығармашылық конкурсы өз мәресіне жетті. 2021 жылдың 31 мамыр күні «Жамбыл үміті» балалар конкурсының жеңімпаздары анықталды.

 

Іс-шара Ж.Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді, конкурсты Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлер Кәсіподақ ұйымы қолдау көрсетті. Конкурстың мақсаты - жалпы қазақ поэзиясын және осы белгілі ақынның шығармашылығын насихаттау. Оның рухани мұрасы ұлттық әдебиет қазынасына енді.


Конкурсқа қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты үш деңгейде: мектеп жасына дейінгі (3-5 жас); 1-4 бастауыш сыныптар аралығында (6-10 жас); 5-7 негізгі сыныптар аралығында (11-13 жас) қатысып, жеңімпаздар анықталды.

 

Мектеп жасына дейінгі балалар аралығында I орынды 3 жастағы Нұрмаханбет Айкөркем Ерікқызы иеленсе, II орын иегері 4 жасар Нұрлыхан Ханшайым Айтбекқызы атанды. Ал III орынды 6 жастағы Нұрмаханбет Айнара Ерікқызы қанжығасына байлады.

 

Бастауыш сыныптар аралығында I орынды Асқар Кәусар иеленді. Ал II орын иегері Абдрақын Досымжан атанса, Жақсыбек Айзере III орынды місе тұтты.

 

5-7 сыныптар аралығында I орын иегері Ерланұлы Жасын атанып, II орын Болатбекқызы Арайлымға бұйырды. III орынды Сламбек Ерден қанжығасына байлады.

 

Конкурс жеңімпаздары университет ректоры Такир Балықбаевтың арнайы дипломымен, және ҚазҰПУ қызметкерлерінің Кәсіподақ ұйымының дайындаған бағалы сыйлықтарымен онлайн форматында марапатталды.

 

   

 

 

«Рухани Жаңғыру» орталығы